Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Өңірдің жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Премьер-министр сапарын Степногорск қаласындағы Жылу электр орталығынан бастады. Шаһарда жылыту маусымына дайындық қызған. Биыл Степногорск қаласында жылу желілерін жөндеуге 7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, энергетика кешенінің меншік иесі инфрақұрылым мен коммуникация нысандарын жаңғыртуға 7,9 млрд теңге қаралған. Жүргізіліп жатқан жұмыстар орталықтағы жабдықтардың тозуы деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.