Түркістан
EN

Дүбірлі додаға екі күн қалды

110
06.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 2 күн қалды. Дүбірлі додаға қатысуға 89 елден 2 430 адам ниет білдірген. Ойынды өткізуге бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінді. Әр ойыншыға 1,8 млн ақша жұмсалмақ. Байрақты бәсекеге 560 спорттық ат пен 45-ке жуық құс қатысады. Жалпы жүлде қоры - 250 млн теңге. Ал ойын билеттерінің орташа бағасы - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер бар. Сондай- ақ әр күні сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО  және Республикалық Бас мешітте автобустар жанкүйерлерді спорттық нысандарға тегін тасымалдайды. Осы және өзге ақпаратты 1355 номері арқылы байланыс орталығынан үздіксіз алып отыруға болады.