Түркістан
EN

Қазақстан- Норвегия матчы өтеді

48
06.09.2024

Бүгін Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді. Кездесу Алматыдағы орталық стадионда 19:00-де басталады. Аталған ойында Нидерланд елінен келген Аллард Линдхаут бас төреші міндетін атқарады. Қазақстан құрамасы сапында Максим Самородов, Рамазан Оразов сынды футболшылар жарақатына байланысты бүгінгі ойынға қатыса алмауы мүмкін. Ал Норвегия сапында барлық негізгі ойыншылар алдағы кездесуге сақадай сай. Айта кетсек, қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында төртінші мәрте бақ сынайды. Қазірге дейін 20 кездесуде 7 мәрте жеңіске жетіп, 5 мәрте тең ойнаса, 8-де қарсыласына есе жіберді.