Елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Соған орай бүгін театрландырылған "Бірлік керуені" салтанатты іс-шарасы өтеді. Еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығы символына айналатын маңызды мәдени оқиғаны өткізу үшін Есіл өзенінің бойы таңдап алынды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су ойындардың алғашқы күні бір тайқазанда қосылып, бірліктің басты символына айналады.