Мобильді аударымдарға қатысты заң жобасы мақұлданғалы жұрт даурығып жатыр. Әсіресе саудагерлер мен қызмет көрсету саласындағылар. Аталған мәселеге қатысты қаржы министрлігі пікір білдірді. Енді үнемі ақша аударылатын есепшот иесі күдікке ілініп, тексеріледі.
Қазір қаржы органдары мен банктер арасында табысын жасыратындарды анықтау технологиясы жасалып жатыр. Бизнеске арнап жеке шот ашылуы мүмкін. Тұтынушылар сонда жібереді. Ал жеке адамдар арасындағы онлайн аударымдарға қатысты мәселе жоқ.