Түркістан
EN

Су тасқынынан зардап шеккен 7 236 отбасына жаңа баспана берілді

3
06.09.2024

мСу тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болды. Күні бүгінге дейін 7 236 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерген. Олардың 5300 ден астамы үй сатып алса, 2 000 нан астамы жаңадан салынған үйге орналасты. Сондай-ақ тасқын судан зардап шеккен нысандарды жөндеуге 9 000 нан астам өтініш түскен. Оған 53,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар 34 247 отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 21 880 отбасыға 150 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде қосымша төлем берілді.м