Түркістан
EN

Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр

134
05.09.2024

Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр. Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсірілмек. Өңір басшысы  Дархан Сатыбалды ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков бастаған инвесторлармен кездесіп, агро саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Келес ауданында жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асып жатыр. Ол келер жылы іске қосылады. 7 мың адам жұмыспен қамтылады. Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге. Облыс әкімі инвесторларға ауыл шаруашылығымен бірге, индустрия, туризм бағыттары бойынша жаңа жобаларды қолға алуға шақырды.