Елімізде атом электр станциясын салуға қатысты пікір сан алуан. Бірі керектігін айта, енді бірі оның қауіпті жағын ескеру де керек дейді. Алайда, бір анығы - электр қуатына деген қажеттілікті қанағаттандыруда берер мүмкіндігі мол. Түркістанда «Энергия тапшылығын төмендетудегі АЭС рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар қауіпсіздік жағы жіті қадағаланып, ел экономикасын ілгерілету жолдарын қарастырды. Еске салсақ, Президент бұл мәселе бойынша күзде жалпыхалықтық референдум арқылы қорытындыланатынын айтқан еді. Осыған орай қазір қоғамда АЭС құрылысы жобасы жиі талқыланып жатыр.