Түркістан
EN

Шәкіртақы өсті

78
05.09.2024

Елімізде 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өсті. Енді осы айдан бастап колледж студенттері 43 574 теңге алса , бакалавриатта оқитындар 47 135 теңге алады. Ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындардың шәкіртақысы 75 600 теңгеге дейін өсті. Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді. Магистранттар мен докторанттар үшін стипендия 15%-ға өсті.Енді олар мемлекеттен 107 000 және 240 000 теңге алады.