Түркістан
EN

Дәмханаларда қызмет көрсеткені үшін 10 пайыз төлем алынбайды

94
05.09.2024

Дәмханаларда мен мейрамханаларда көрсетілген қызмет үшін 10% төлем алуға тыйым салынбақ. Аталған өзгеріс қоғамдық тамақтану орындарындағы депозиттік жүйеге де қатысты болмақ. Десе де көрсетілген қызмет көңіліңізден шықса, даяшыға өз еркіңізбен шайпұл бере аласыз.Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Тілшілер сауалына жауап берген ведомство басшысы бұл тұрғыда тиісті талқылау ұйымдастырылатынын жеткізді. Министрдің сөзінше аталған түзетулер қазан айында енгізілуі мүмкін.