Қазығұрттық Марат Төлебеков ағаштан түйін түйіп, ата кәсібімізді дамытып жүр. Шебердің қолына тиген доғал ағаш әп-сәтте әдемі, зерлі бұйымға айналып шыға келеді. Оның жасаған табақ, астау, сияқты ыдыс-аяқтарына деген сұраныс көп. Қолөнершінің бұйымдарын ғаламтор арқылы бүгінде еліміздің түрлі өңірінен тапсырыс беріп, аттай қалап сатып алып жатқандар да бар екен