Қазақстаннан 2 дүркін паралимпиада чемпионы шықты. Парижде өтіп жатқан 17-Паралимпия ойындарында пауэрлифтингтен 54 келіде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медальді жеңіп алды. Отандасымыз 188 келі салмақты еңсерді. Ал, күміс медаль Куба елінің өкіліне бұйырса, қоланы қытайлық спортшы қанжығалады. Чемпионды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады. Айта кетейік, ел қоржынына Давид алтынынан бөлек тағы бір күміс пен бір қола салған.