Түркістан
EN

Миллиард теңгеге жуық залал: үш қазақстандық сотталды

32
05.09.2024

Елімізде соңғы 8 айдың ішінде 11700 интернет алаяқтық ісі тіркеліп,  халық 21 млрд теңгесін алаяқтарға беріп жіберген. Олардың тұрғындарға етене жақындауына цифрлық даму, яғни жасанды интелектіні пайдалану үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2 млнға жуық шетелдік алаяқ нөмірлері бұғатталып, 58 млн қоңыраудың ізін кескен. Десе де, амалын тауып, халықты сан соқтырып жатқан алаяқтар саны азаяр емес. Бүгінде уатсап месенджері арқылы сілтеме жіберіп, банк картасынан қаржы шешіп алу белең алып тұр. Бүгін Парламент сенатының отырысында депутат  Әсем Рахметова Үкіметке интернет-алаяқтық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.