Оңтүстік Африка Республикасында пайда болған ковидтің жаңа штамы әлемдік экономикаға әсер етті. Айта кетсек, көптеген кәсіпорындардың акциялары мен мұнай бағасын біршама төмендетуіне себеп болды. Осыған байланысты Аустрия, Гонконг және Сингапур елдері Оңтүстік Африкаға әуе қатынасын тоқтатты. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын Еуропа елдерінде індеттің өршуіне байланысты локдаун енгізілген болатын. Осыған орай «Брент» мұнайының бір баррелі 11 процентке дейін құлдыраған. Шектеулер сондай-ақ акция нарығына да әсер етіп отыр.