Тұтынушылардың құқығы қорғалады. Сол үшін арнайы омбудсмен институты құрылмақ. Бұл туралы бүгінгі Парламент мәжілісі отырысында белгілі болды. Заң жобасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның жаңа жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымында мақұлданды. Омбудсмен тұтынушыларға консультациялық көмек көрсетуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоя алады. Ал оны Сауда және интеграция министрлігі тағайындайды