Енді әуежай мен ұшақта мүгедектігі бар жандар мен аяғы ауыр әйелдерге және балаларға дұрыс жағдай жасалмаса айыппұл салынады. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбайдың сауалына жауап берген көлік министрінің өкілі айтты. Депутат мұнан бөлек әуе рейстерінің кешігіп келуі мен ұшу уақытының кейінге шегерілуі туралы да сұрады. Жауаптылар болса бұл мәселенің назарда екенін айтып, ұшақтардың кешігуіне әуежайлардың дайын болмай жатқанын желеу етті. Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев енді жұмысына салғырт қараған әуе компаниялар мен әуежайдың басшылары жауапқа тартылатынын атап өтті.