Түркістан
EN

«Достық үйі» құрылысы бойынша тапсырма берді

213
04.09.2024

Түркістан облысында «Достық үйі» ғимараты ашылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқан нысан құрылысымен өңір басшысы Дархан Сатыбалды танысып қайтты. Облыс әкімі мердігерге ғимараттың сапасы мен сәніне мән беріп, сондай-ақ мерзімінде тапсыруды ескертті. Ғимараттың жалпы алаңы 3912,29 шаршы метр. Жоба бойынша 150 орындық ғимарат 4 қабаттан тұрады. Бүгінде өңірде 50-ден аса этностың өкілдері тұрса, 11 этгомәдени бірлестік жұмыс істейді.