Түркістан
EN

Жаңа оқу жылында 500 мыңнан астам бала мемлекеттен қолдау алды

104
04.09.2024

Мемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетті. Биыл жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшотына 22,2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды. Қолдау атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы мектеп оқушыларына көрсетілді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, өтініш бергендердің 100 пайызы мемлекеттен қаржылай көмек алған. Балалардың құқығын қорғау комитетінің мәліметінше әрбір оқушыға орташа есеппен 45 мың теңге шамасында қаражат бөлінген.