Түркістан
EN

Мемлекет басшысы жаңа тағайындалған Туризм және спорт министрін қабылдады

144
03.09.2024

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев су жаңа министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, бапкерлер құрамын күшейту сынды бірқатар міндеттерді жүктеді. Сонымен қатар Президент министрден Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді. Еске сала кетейік, аталған жиын биыл маусым айында өткен болатын.