Түркістан
EN

Түркістандық ұстаздар Франция, Малайзия, Финляндияда білімін жетілдіреді

142
03.09.2024

Мектептердің жұмысын жақсарту үшін мұғалімдердің біліктілігін арттырып, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру қажет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында осылай деп, білім саласының сапасын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ мемлекет басшысы ұстаздардың біліктілігі болмаса заманауи білім ұясы мен озық басқару жүйесінің бекершілігін де атап өтті. 2-КАМЕРА. Ал Түркістанда білімін жетілдіру үшін ұстаздар Франция, Малайзия, Финляндияға бармақ. Өңірде үздік педагогтерді басшылық қызметке конкурссыз тағайындау үшін 150 адамнан тұратын кадрлық резервте жасақталыпты. Яғни өз ісіне адал мұғалімдерге қызметтік мансабын өсіруге жол ашылып отыр.