Аймаққа жеке инвестиция тарту – әкімдердің ең басты міндеті. Бұдан былай өңірге еш пайда әкелмеген, нақты нәтиже көрсетпеген жауаптылар үшін кадрлық шешім қабылдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен отырыста айтылды. Жиында өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының маңызы мен басымдықтарына жан-жақты тоқталды. Онда белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар беріп, қатаң қадағалауда болатынын жеткізді.