Түркістан
EN

Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

97
03.09.2024

«Көшпенділер ойындары – ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс». Дүниежүзілік шараға дайындық жөнінде кеңес өткізген ел Президенті осылай деді. Жиында Ұлттық құраманың, спорттық кешендердің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік пен тазалық мәселелері пысықталды. Мемлекет басшысы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасаудың маңызына тоқталды.