Түркістан
EN

Түркістан облысынан қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылды

154
03.09.2024

Түркістан облысы Созақ ауданынан қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылды. ІІ ғасырға жататын тарихи заттар далалық зерттеу жұмыстары барысында көзге түскен. Қазба жұмыстары кезінде ірі қара және ұсақ малдың сүйектері мен мүйіздері, тас дәнүккіш, келі, диірмен т.б. еңбек құралдарының бөліктері алынды. Одан бөлек, қыш ыдыс тұтқалары мен киімге арналған түйме фрагменттері де бар.