Түркістан
EN

Мульти индикаторлық зерттеу

82
03.09.2024

Бүгіннен бастап облысымыздағы 824 отбасы мүшелерінің жағдайы тексеріледі. Бұл – Біріккен Ұллытар ұйымының Балалар қоры «әзірлеген Халықаралық зерттеу. Мақсаты - әйелдер мен балалардың денсаулығын, білімін, тұрмыс жағдайын анықтау. Ұлттық статистика бюросы мамандары Түркістан облысы тұрғындарының әл-ауқатын зерделеуге 824 отбасыны арнайы таңдаған. Қазір Юнисеф өкілдері мен статистик мамандар аудан аралауды бастап кетті. Олар үйді-үйге кіріп, отбасы мүшелеріне сауалнама жүргізбек. Нәтижесінде отбасылардың әл-ауқат көрсеткіші зерттеліп, сол бойынша жұмыстар атқарылады.