Экстремизмге қатысы болуы мүмкін 6 күдікті ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды бір уақытта Алматы, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында қолға түсірді. Қазіргі таңда қамауға алынғандардың 5-уі Қазақстан, ал 1-уі шетел азаматы. Екеуі бұған дейін сотты болған. Күдіктілерден 3 жарылғыш граната тәркіленді. Қазір қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.