Мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 7 мың төрт түліктің 4 мыңы табылып иелеріне қайтарылған. Жалпы жыл басынан бері полиция 800-ден астам қылмыстық істің жолын кесіпті. Олардың ең ірісі 15 адамға дейін ұйымдасып жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып келген. 18 мал ұрлығына қатыстылығы дәлелденген. Қазірде Ішкі істер министрлігімен Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» жеке бабы енгізілді. Ол бойынша ең жоғары 12 жылға дейін бас бостандықтан айыру көзделген. Сонымен қатар жеке мүлкі де тәркіленеді.