Түркістан
EN

200 орындық мектеп пайдалануға берілді

36
03.09.2024

Жаңа оқу жылы қарсаңында Төлеби ауданындағы Тағайна елді мекенінде 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Мектеп озық үлгідегі құрал-жабдықтармен және арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Жалпы ауданда 29 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр , ал жаңа оқу жылында 1- сыныпқа 2535 оқушы қабылданған. Айта кету керек, жыл  соңына дейін  ұлттық жоба аясында тағы да 3 мектептің құрылысы аяқталуға жақын.