«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қалай жүзеге асырылуда? Қаржылық мониторинг агенттігі тексеруді бастады. Бүгінде мектеп салу кезінде артық шығындардың алдын алу фактілері анықталған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік қоғам өкілдерінің кездесуінде белгілі болды. Айта кетейік, ұлттық жобаны жүзеге асыруға ел қазынасынан 2,3 трлн теңге бөлінді. Оған заман талабына сай 369 мектеп салынады жоспарланған.