Мемлекет басшысының жарлығымен туризм және спорт министрі тағайындалды. Жаңа лауазымға Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов келді. Ол 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Еліміздегі бірнеше жоғары оқу орындарын бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. Ал, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болып қызмет атқарған.