Түркістан
EN

Референдум 6 қазанда өтедіМемлекет басшысы жолдау жасады

89
02.09.2024

Елімізде Атом Электр Станциясын салу бойынша референдум 6 қазанда өтетін болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы сондай-ақ әлем елдерінде энергия тапшылығы күшейгенін айта келе, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру қажет деді. Президенттің айтуынша, қазір әлемнің 30 елінде 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұрған көрінеді. Бұл станциялар мол энергияны өтеуге мүмкіндік бермек.  Ел Президенті мұндай тақырыпқа қатысты жоспарлар қоғамда кеңінен талқылануы керек екенін қоса кетті.