Түркістан
EN

Желідегі жалған ақпараттың көбеюіне не себеп?

133
30.11.2021

COVID-19 қарсы вакцинациядан ондаған кәсіби спортшы қайтыс болды. Ал мұндай қорқынышты статистиканы бұқаралық ақпарат құралдары әдейі жарияламайды. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде осындай ақпарат таралуда. Алайда Stopfake жобасының мамандары оның жалған мәлімет екенін дәлелдеді. Дегенмен ғаламторда вакцинация науқанына кері әсерін тигізетін жалған ақпараттар күн санап артпаса, кемімек емес. Ал ол мәліметтердің рас, өтірігін қалай ажыратамыз? Тілшіміз Назым Қайратқызы анықтап көрді.