Түркістан
EN

Мемлекет басшысы жолдау жасады

84
02.09.2024

 Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін ақшаның 70 пайызы мемлекет қаржысы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау аясында осы мәселеге де тоқталды. Ол өз сөзінде, бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын тарту қажеттігін айтты. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибе қолдану керек. Мұның барлығы шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, несие алуды оңтайландыруға жол ашады,-деді Президент.