Түркістан
EN

Елордаға «Бірлік керуені» аттанды

56
02.09.2024

Түркістаннан елордаға «Бірлік керуені» аттанды. Мақсаты - Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу. Көшті шығарып салу шарасына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, қатысушыларға жеңіс тіледі. Түркістандықтар жоба шартына сай елордаға Құдықханабұлақтың қасиетті суын торсықпен жеткізбек. Бұл су көзі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде орналасқан.