Түркістан облысында 100-ге жуық шаруа басқа облыстарға тауар жібермек. Өңір кәсіпкерлері осы мақсатта аталған өңірлердің әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларымен форвардтық келісім шарт жасасты. Осылайша Түркістан облысы диқандары 1800 тонна картоп, 390 тонна пияз, 340 тонна сәбіз бен 910 тонна қырыққабат жөнелтеді. Ал, мамандар форвардтық келісімнен шаруалардың ұтары көп деп отыр.