Түркістан
EN

30 адам өңірлік кадр резервіне қабылданды

229
29.08.2024

Түркістан облысында үздік деп танылған 30 адам өңірлік кадр резервіне қабылданды. Олар мемлекеттік қызмет пен квазисекторларда жұмыс істей алады. Резервтен өткендердің қатарына 3 жыл еңбек өтілі бар жұмыссыз азаматтар да іліккен. Жобаның негізгі мақсаты - өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Бағын сынауға республика бойынша 11 мыңнан аса адам өтініш қалдырса, Түркістан облысында 634 үміткер құжат тапсырған. Олар  5 кезең бойынша іріктеуден өткен. Жалпы өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жыл. Айта кету керек, іріктеуді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен аумақтық департамент облыстық әкімдікпен бірлесіп өткізді.