30 тамыз Конституция күні. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, мереке қарсаңында Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында үздік қызметкерлер марапатталды. Шара барысында аудан басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға 90 үйдің кілтін берді.