Әлемді маймыл шешегі шарлап барады. Бүгінде 16 мыңнан астам адам осы дертке шалдығып үлгерген. Біздің елімізде Маймыл шешегіне қарсы сақтық шаралары жүріп жатыр. Әсіресе, әуежай мен шекараларда қатаң тексеруде. Әзірге аурудың таралу аймағы 75 елге жуықтады. Дегенмен халықаралық қатынас арқылы көбейіп кету қаупі бар. Бұл індеттің алғашқы белгілері: дене қызуы көтеріліп, тамақ ауыруы, дененің бөртуі. Мамандар шетел ассаңыз, аурудан сақтанып жүру қажеттігін айтады. Баратын еліңіздің эпидемиялық жағдайын алдын-ала бақылау шарт.