Президент Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысып, сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаның айтулы белес екенін атап өтіп, сала қызметкерлерін құттықтады. Президент Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің қалыптасып, дамуына елімізге белгілі тұлғалар зор еңбек сіңіргенін жеткізді. Қазір осы салада 250 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мұнай өнеркәсібі заманға сай дамып келеді. Дүние жүзіне белгілі брендіміз бар. Жиын соңында Президент мұнай-газ саласында өнімді еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.