Төрт адам газдан уланып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Түркістан облысы Келес ауданындағы Ұшқын ауылында болған. Оқыс жағдайдан 57 жастағы әйел мен 1972, 1974 жылы туған азамат және 4 жасар бала тіл тартпай кетті. Бұл туралы куәгерден аудандық полиция бөліміне хабар келген. 3 бөлмеден тұратын үйге төтеншеліктер барып, қолдан жасалған табиғи газ арқылы жылытылатын темір пештің орнатылғанын байқайды. Өрт белгілері анықталмаған. Пештің түтін шығару құбыры гофра материалымен оралған.