Түркістандағы «Жасыл белдеу» орманды алқабына жыл сайын миллиондаған ағаш көшеті отырғызылады. Егілген ағаштардың дені - көпжылдық және қылқанжапырақты. Көшеттер көрші мемлекеттерден әкелінгендіктен олар сол жерге бейімдеу процесінен өтеді. Осы мақсатта өңірде заманауи тұқымбақтар ашылған. Жалпы орман алқабы құрылғалы 5 жылдың ішінде бұл жерге 17 млн ағаш отырғызылған. Оның тең жартысы көпжылдық ағаш көшеттері де қалғаны сексеуіл. Өңірдің орман алқабы Президент жария еткен елімізде 2 млрд ағаш отырғызу жобасына кіреді. Биыл көктемде Түркістан облысында 500 мыңға жуық көшет егілген. Ал, күзгі науқанда тағы 500 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр.