Алатаудың арғы бетіндегі айырқалпақты ағайын Қазақстанға жоспарланған көлемнен артық су жіберген. Шу және Талас өзендері арқылы 534,3 млн текше метр су келіпті. Бұл жоспарлы көлемнен 14,3 млн-ға артық. Сондай-ақ Өзбекстан да 1-сәуірден бері Сырдария өзені арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберген. Ал, Тәжікстаннан мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы 488 млн 600 мың текше метр су келген. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 40 млн-ға көп.