Түркістан
EN

Кентаудағы жылу энерго орталығының жөндеу барысы пысықталды

72
29.08.2024

Кентау қаласындағы жылыту орталығының қайта құру жұмыстары мерзімінен кешікпеу керек. Стратегиялық маңызы бар нысанда атқарылып жатқан жұмыспен танысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Жауапты тұлғалардың басын қосып штаб кеңесін өткізген өңір басшысы тиісті тапсырмалар берді. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты. Онда 4 су айдайтын құрылғы мен 14 шақырымнан астам тозығы жеткен жылу құбырын ауыстыру бойынша жан-жақты есеп алды. Айта кетейік, «Кентау-сервис» Жылу энергия орталығында 8 қазандық бар. Қазіргі таңда оның алтауы – күрделі жөндеуден, екеуі – ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Биыл жылыту маусымында 4 қазандық толық іске қосылса, қалған 4 қазандық резервтте болады.