Елі үшін еңбек еткендер елеусіз қалмайды. Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданында арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылыми докторы, тұңғыш академигі болған Әбсаттар Дербісәліні еске алуға арналған конференция өтті. Жиынға ғалымдар мен тарихшылар келіп, ғұлама жайында естеліктерімен бөлісті.