28 тамыз – белгілі қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні. Түркістан. Әзірет Сұлтан. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайлы сөз болғанда Әмір Темірден кейін осы бір тұлғаның есімі еске оралады. Осыған орай, киелі шаһарда «Өзбекәлі Жәнібеков және музей ісі» атты көрме ашылды. Онда ғалымның өзі арнайы әкелген құнды жәдігерлері мен заттары жинақталған.