Ал Түркістандық тұрғындар қаңғыбас иттер құтымызды қашырды дейді. Айтуларынша, иесіз жануарлар, бірінші кезекте балалары үшін қауіп төндіріп отыр екен. Абырой болғанда ешкімге иттің тісі бата қоймапты. Алайда қоқыс маңын жағалағандар маңайына адам жолатпайтын көрінеді.