Оралда ірі мөлшерде ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды. Оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Ұрылар терезе арқылы кіріп , бағалы бұйымдарды, 3 миллионға жуық ақша мен сейфтегі мылтықты қолды еткен. Бұл уақытта үй иелері қонақта болыпты. Күдіктілерді ізін суытпай полиция департаменті басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмысы дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.