Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесті

164
28.08.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Облыс әкімі өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тартып, оларға қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді. Тараптар өңіраралық байланыстырды дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы бірқатар жобаларды талқылады. Облыс әкімі инвесторларды Түркістан облысында көкөніс өсіру мен өңдеуді кеңейту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды.