Оқушылар қауіпсіздігі - басты назарда. Осы мақсатта өңірдегі мектептердің 81, балабақшалардың 41 пайызы жедел басқару орталығына қосылған. Ал дабыл батырмаларының қамту көрсеткіші одан әлдеқайда жоғары. Мәселен, білім ошақтарының барлығына дерлік дабыл батырмалары орнатылған. Жауаптылар берген бұл мәліметтер қаншалықты рас? Оқушылар үшін мектеп шынымен қауіпсіз орын ба? Осы төңірегінде сауалдарға жауап алу үшін тілшіміз Шынар Әділханқызы полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шықты.