Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасында ел мерейін асқақтатқан спортшылармен кездесті. Оларды жеңісімен құттықтап, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғысын айтты. Сондай-ақ Президент олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі қолдау қажеттігін атап өтті.