Шардара ауданына Файзер вакцинасының алғашқы 180 дозасы жеткізіліп, егу науқаны қарқынды жүргізілуде. Америкалық екпені бүгінде шардаралық 69 бала мен отыздан аса жүкті әйел алып үлгерген. Ал Түркістан қаласында аталған вакцина түрін 1890 адам қабылдады.